Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:
-Мүмкіндік болса, Джиппен жүргенді қысқарту керек. Бұл алып көлікпен Астанада жүре алмайсың ғой. Қазір барлық ел бензинді үнемдеуге мәжбүр. Бізге де солай етпеске амал жоқ.
Сондықтан Школьник бензинді көп жейтін джип тақымдаған министр әріптестері мен бай тұрғындардан, көліктерінен түсіп жұмыстарына автобуспен қатынауға шақырды. Одан қалды бір подьезде тұратын адамдарға жұмысқа бірлесіп, сыйымдылығы үлкен машинамен келуге ұсыныс жасап отыр.Қиын кезде Германияның тәжірбесін пайдалануға үгіттеген Школьник бензин жетіспеушілігін отандық мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуымен және Ресейден АИ-92-нің тасымалдануының азайғанымен түсіндірді. Ал жанармай тапшылығының қашан аяқталатынын шенеуніктің өзі де білмейтін болып шықты. Тіпті оны болжайтындай көріпкел емеспін деп ашуға мінді.