Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы министр өңірлік мерзімді басылымдар форумында айтты. Сондай-ақ ол тілшілерге жауап беру мерзімінің қысқарғанын және "Pressa" деген жазуы бар көлікті кез-келген жерге қою немесе мекемелерге кіру сияқты көптеген жеңілдіктер болатынын атап өтті.
"Енді журналистің сауалына міндетті түрде жауап беріледі. Жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады. Сонымен қатар, жауап бермейтін мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілікке тартылады. Мұның барлығы журналистің ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында жасалып отыр. Сондай-ақ журналистердің жеңілдікпен пәтер алуы, ауруханаларда жеңілдіктер пайдалануы туралы нормаларын қарастырып жатырмыз", — деді Дархан Қыдырәлі.