Министр жауабы: Күзге қарай қант қымбаттай ма?

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жұманғарин ойынша, қант бағасы өспейді. Ол бағаны өсуіне немесе өспеуіне үкіметтің отандық қант зауыттарын қолдау мақсатында қабылдайтын шешімі мен көрші елдің нарығында процестер әсер еті мүмкін екенін жасырмады.

Сонымен қатар Жұманғарин қант саласына бөлініп жатқан миллиардтаған долларлық субсидиялардың қайда жұмсалғанын айтты.


Қазіргі таңда субсидияларды 25 теңгеден 40 теңгеге дейін арттырдық. Бұл біз қабылдаған жалғыз шара. Қант зауыттары жекенің қолында. Біз оларға ерекше қолдау көрсетпейміз. Бізде қазір Тараз қант зауытын, Меркі қант зауытын сатып алған ресейлік топ, доминант бар. Сіздер мұндай соманы қайдан алғандарыңызды білмеймін. Санау керек, - деді Сауда министрі.