Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінде қазынашылық органдарда арнайы есепшот ашылған. Соған жемқорлардан тәркіленген ақша аударылып отырады.
"Қазіргі кезде ол есепшотта, шамамен, 120 миллиард теңге жиналды. Біз оқу-ағарту министрлігінен өтінімдерді күтіп отырмыз. Алдымен үш ауысыммен оқитын мектептер жөнделеді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бар, мектепті кеңейту үшін қосымша құрылыс салынады. Есепшоттағы ақша ең бірінші соған жұмсалады", - деді Жамаубаев сенатта өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, барлық өтінім республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады. Кейін ақша өңірлерге таратылады.
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлардан тәркіленген қаражатқа мектеп салуды тапсырды