Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Серік Абас-шахтың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған жайттерді Тұңғышбай Жаманқұов 2017 жылы "Ақжүніс" журналына берген сұхбатта айтқан көрінеді.
"Мен сол жақта (Шымкентте) жүргенде менің шәкіртім Ерлан (Білал) – қазіргі театрдың директоры – Астанадан келе салысымен менің келіншегіме «террор» жасаған. Іздестіріп, таптырып,айтып, «жүр Астанаға» деп, тіпті, билет алып қойған!.. Дарияға айтады, «Астанаға жүресің бізбен бірге, барасың, министрдің кабинетінің есігі ашыла бастасымен төрт аяқтап еңбектеп кіріп, жата қалып, кешірім сұрайсың...» деп, Дарияны айналдыра бастаған. Дария бармай қойған. Мүмкін, қорыққанынан бармай қойған шығар?!. Ол жерде, мүмкін, Дарияны тағы басқа бір нәрселерді мойындаттырып, болмаса басқа бір жоспарлары болған шығар. Бұны билет алып, әлгі Еңлікке (Сыдықоваға) жібермекші болыпты. Басқа да қоқан-лоққы жасауы мүмкін еді ғой? Бармағанның өзінде сағат сайын, секунд сайын телефонына звондап, маза бермей, "қайда жүрсің, қайдасың?" деп, іздеп, үйге дейін келіп, кешке дейін қақпаның алдында күтіп... «жүр де жүрдің» астына алған. Сол Ерлан (Біләл) бауырым... менің шәкіртім, менің директорым... Содан бастап қазір мен туралы әлгі интернетте, фейсбукта шығып жатқан мені сыйлайтын әріптестеріме, шәкірттеріме – бәріне «бір ауыз Тұңғышбай Жаманқұлов туралы айтпайсыңдар!..» деп тыйым салған. Айтқан адамдарды шақырып алып, «сорлап қаласың...ертең атақ ала алмай қаласың... неге ондай сөз айтасың?.. ендігәрі айтатын болсаң, құрыдың!..» деп қорқытқан", деп жазды сұхбаттан үзіндіде.
Естелік 2017 жылдың мамыр айында Ақжүніс журналына шыққан, деп жазды Серік Абас-шах