Бұл туралы дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет сағатында» вице-премьер – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
Вице-премьер үкіметтің 2020 жылға дейін туризмді дамыту тұжырымдамасын бекіткенін атап өтті. Онда саланы дамытудың үш түрлі сценарийі көрсетілген. «Қазір әлемдік экономиканың қиын кезеңдерді бастан кешіп жатқаны белгілі. Алайда, оның алдағы уақытта қалай дамитыны түсініксіз жне осының бәрі бюджетке әсер етпей қоймайды. Құжатта үш түрлі сценарий белгіленді. Біріншісі: пессимистік сценарий. Қазіргідей, мемлекеттің қолдауынсыз дамыған жағдайда, 2020 жылға қарай 2 млрд доллар көлемінде жеке инвестиция түседі деп болжап отырмыз. Ондай жағдайда туризмнің ІЖӨ-дегі үлесі 1 пайызды құрап, 56-60 мың жұмыс орны ашылады», - деді ол.
«Екінші нұсқа: мемлекет-жеке меншік серіктестігі арқылы салаға 4-4,5 млрд доллар инвестиция салынған жағдайда, туризмнің ІЖӨ-дегі үлесі 1,5%-ды құрап, 150-170 мың жұмыс орны ашылмақ. Осы нұсқа шындыққа жақынырақ», - деп түсіндірді Ә.Исекешев.
Ол депутаттарды министрлік «үшінші оптимистік нұсқаны жүзеге асыруға күш салады» деп сіндірді. «Туризмнің ІЖӨ-дегі үлесі 3 пайызға, жеке имнвестиция 6 млрд долларға жеткенде салада 300 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл батыл қайта құруларды, мемлекет тарапынан қолдауды және қаржыландыруды талап етеді», - деді вице-премьер.
«Оптимистік сценарий іске асырылған жағдайда жылына Қазақстанға 8-9 миллионға жуық турист келеді. Ол үшін әуе тасымалы саласын дамытып, әуежайлардың тиімді жұмыс істеуіне қамтамасыз етуіміз керек», - деп қосты ол.