Министрлік коронавирустың таралуы бойынша жаңартылған болжамды жариялады


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Осы орайда ол министрлік ай сайын коронавирусқа қатысты болжамды жаңартып отыратынын еске салды.

«Пессимистік сценарий кезінде бір тәулікте науқастардың саны 4 мыңға дейін тіркелуі мүмкін. Шынайы сценарий кезінде тәулігіне 2 400-ге дейін анықталады. Ал оптимистік сценарий жағдайында өрбісе, онда бір тәулікте 1000-ға дейін адам індет жұқтыруы ықтимал», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.