Министрлік мектеп асханаларында тамақтың құнарсыздығына наразы

«Бүгінгі таңда оқушылардың 79%-ы, бұл дегенің 1 миллион 929 мың 785 адам ыстық тамақпен қамтылған, 21% оқушы буфетте тамақтанумен қамтамасыз етілген, ал 6 мың 183 жалпыға білім беретін мектептерде ыстық тамақ ұйымдастыру үшін жағдай жасалған. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың 99%-ы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген ", - деп ол бүгін Астанада мәжілісте өткен мектептегі тамақтану мәселесіне қатысты «дөңгелек үстел» барысында атап көрсетті.

Ә.Ғалымова мәлімдегендей, биыл министрліктің балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеті елдің алты аймағындағы 92 білім беру нысанын сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тексерген. Тексеру Астана, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстанда өткізілген.

Тексеру барысында бірқатар жүйелі заң бұзушылықтар анықталған.

Мәселен, мәзір әзірлеу кезінде тамақ рационын дұрыс құрмау, біртекті ассортимент, тамақ пен азық-түлік шикізатын сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатып алу, мәзір балалардың биологиялық құнды заттарға физиологиялық қажеттілігін ескерусіз құрастырылған.


Тексеру барысы балалардың тамағында ет тағамдары, ашытылған сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер жеткіліксіз екенін көрсеткен.

Мектеп асханаларының ас әзірлейтін жерінің 70%-ында ескі қондырғылар қолданылады, 48% мектепте орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген, 50%-дан астамында орталықтандырылған канализация жоқ.

Сонымен қатар, мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде кейбір кәсіпкерлер санитарлық кітапшасы жоқ еңбеккерлерді жұмысқа алған.