Caravan Logo

Министрлік оқушылар күзде қанша күн демалатынын хабарлады

Министрлік оқушылар күзде қанша күн демалатынын хабарлады

Биыл мектеп оқушылары бесінші қараша күзгі демалысқа шығады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

"2020 жылы күзгі демалыс он күнге созылады, оқушылар 5-14 қараша аралығында демалады", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Өткен жылы күзде демалыс 28 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталды. 

Айта кетейік, биыл оқу жылы коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқу форматында басталды. 

Ал бастауыш сыныптар ата-ана өтініші бойынша мектепте кезекші сыныптарда оқи алады.


Оқу жылы басталған екі жарым ай ішінде Қазақстанда 104 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 33-і – кезекші сыныпта оқитын балалар.

Биыл қысқы демалыс 11 күнге созылады (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күнге жалғасады (20-31 наурыз 2021 жыл).