Министрлік Қазақстанда карантин мерзімін ұзартуға қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистер карантин мерзіміне қатысты сұрақ қойды.

"Көрсеткіштің өсуі туралы айтатын болсақ, коронавирус жұқтырғандардың саны азайып жатыр. Сәуірде орташа көрсеткіш 15-16 пайыз болатын, ал соңғы аптада ол көрсеткіш 7 пайыздан асып жатқан жоқ, соңғы үш күнде тіпті 4 пайыздан асқан жоқ. Қазақстанда карантин мерзімін ұзарту мәселесі Мемлекеттік комиссия мен бас санитар дәрігердің бақылауында. Карантинді алып тастаудың нақты шарттары бар. Ол шартта орындалуы үшін халық Денсаулық сақтау министрлігі айтқан шараларды ұстануы қажет", - деді Сұлтанғазиев.