Министрлік Ұлттық қордан балаларға аударылатын ақша мөлшері туралы ақпаратты жоққа шығарды

Онда оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасалған. Ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша инвестициялық табыстың 50%-ін аударған кезде кәмелетке толмаған азаматының шотына жыл сайын 74 241 теңгеден түседі", – делінген таратылған хабарламада.

Loading...

 

"Бұл мәселе бойынша оқу-ағарту министрлігінің өкілдері тарапынан түсініктеме болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдуалиева.