Министрлік вакцина салдырғандар бойынша біріктірілген статистикаға көшеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 10 777 490 адам I компонент салдырды, 10 506 442 адам II компонент алды. 4 975 445 адам ревакцинация жасады.

Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 231 786 адам салдырса, екінші компонентін 1 179 559 адам алды. Оның ішінде:

Бірінші доза:

Жасөспірімдер – 869 775,

Жүкті әйелдер – 41 334,

Бала емізетін аналар – 145 108.

Екінші доза:

Жасөспірімдер – 850 757,

Жүкті әйелдер – 39 024,

Бала емізетін аналар – 140 434.