Министрліктің ресми өкілі басшыларынан сұхбат алады

Бұл жаңалықты Мұрат Жұманбайдың өзі Фейсбуктегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Достар! Жақында! Біз инвестициялар және даму министрлігінің, ондағы комитеттер мен басқа да мекемелердің басшыларымен сұхбат түріндегі хабарлар циклын бастаймыз. Ресми өкілмен бейресми әңгіме" деп жазды Мұрат Жұманбай. Хабар "Без галстуков" деп аталады.