Мәжілісте ТМД-ға қатысушы елдер арасында Ресей Федерациясы ұсынған басылым өнімдерін өзара алмасуға қолайлы жағдай жасау туралы келісімнің жобасы талқыланады.
Отырысқа қатысушылар сондай-ақ, тиісті ТМД органдарының Достастық елдеріндегі жариялы басылым өнімдерін шығарушылар мен құқық иелерінің заңды мүддесін қорғау саласындағы ықпалдастығы және Мәскеудегі ХҮІІ кітап көрме-жәрмеңкесі аясында ТМД республикаларының "Кітап өнері" атты халықаралық байқауын ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ, Мемлекетаралық кеңес мүшелері Достастық елдерінің баспа органдарының редакциялары арасында 1941-1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60 жылдығына арналған таңдаулы журналистік шығармаларға Халықаралық байқау жариялау тәртіптерінің жобасын, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің 2003-жылғы 19-қыркүйектегі шешімімен бекітілген Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60 жылдық мерейтойына дайындық және оны атап өту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылу барысын талқылайды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жауапкершілік мерзімді басылымдар, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық кеңеске жүктелген.