Мәслихатқа ТМД-ға қатысушы елдердің транспорттық үйлестіру мәжілісінің жанындағы ғылыми-техникалық кеңестің мүшелері мен Халықаралық көлік академиясының төралқа мүшелері қатысады.
Автокөлік транспорты жөніндегі Кеңестің отырысы барысында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне арналған Декларацияның тәртіптерін жүзеге асыру мәселесі талқыланады.
Отырысқа қатысушылар халықаралық автокөлік транспорты саласындағы әділетсіз бәсекелестікке тосқауыл қою туралы Декларация жобасын толықтырып, автокөліктерге техникалық байқау жүргізу жөніндегі халықаралық сертификатты пайдалану мәселесіне талдау жасап, ТМД елдерінде көлік құралдары қожайындарын міндетті түрде сақтандыру жөніндегі келісім-шартын өзара мойындау мүмкіндігін тәптіштейді.
Ал көлік министрлері орынбасарларының бас қосуында ТМД аясында біртұтас көлік кеңестігін және халықаралық "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізін қалыптастыру проблемалары сарапқа салынады.