Минск трактор зауытының өнімі Қырғызстанға төмен бағамен жіберіледі

Елшілікте хабарлағандай, Қырғызстан Республикасындағы Беларусь елшісі Валерий Брылевтың Минск трактор зауытының бас директоры Александр Пуховпен болған телефон арқылы әңгімесінде А. Пухов Қырғызстан үшін зауыт өнімінің бағасы арзандайды деп уәде берген.

"Зауыт басшысы менен республикаға қандай мөлшерде және қандай сапада қажет болса да трактор жеткізуге дайын екендіктерін Қырғызстан басшылығына хабарлауды өтінді. Біз баға жөнінде де келіспекшіміз. Ең болмағанда қазіргі бағаны ұстап тұрамыз. 82-ші үлгідегі трактор бағасының өсуіне қарамастан тек Қырғызстан үшін ол арзандамақ. Өнім 30 күн ішінде жеткізіледі", - деп атап көрсетті В. Брылев.

Қырғызстандағы сервис орталықтарын да Беларусь жағы құрастырмақшы. Оларды Қырғызстанның барлық облыстарында құру көзделіп отыр. Елшінің пайымдауынша, паркты жаңарту үшін Қырғызстанға кем дегенде 800 трактор қажет. Өткен жылы Беларуссиядан Қырғызстанға 130 трактор әкелінген.