Минскде бас қосатын ТМД сарапшылары гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жобасын талқылайды

Келісім жобасында мәдениет, білім беру, ғылым, ақпарат, денешынықтыру және спорт, туризм және жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған шаралар қарастырылған.

Гуманитарлық ынтымақтастықты пәрмендендіру жұмыстарын үйлестіру үшін жобада гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңес құру, оның мақсаты, міндеттері, форматы мен қаржыландыру әдістері қарастырылады.
Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі келісім ТМД-ға қатысушы елдердің 2005-жылдың 8-мамырында Мәскеуде қабылданған гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі декларациясы аясында жобаланды.
ТМД-ға қатысушы елдердің өкілдері мен сарапшыларының мәжілісі 7-шілдеде аяқталады.