Еліміздің құрама командасының бас бапкері Алтай Танабеков бұл жарыста 14 балуанға үміт артып отыр. Онда ел намысын 66 және 120 келі салмақтарда бір-бірден, 55, 74 және 96 келі салмақтарда екі-екіден, ал 60 пен 84 келі салмақтарда үш спортшы қорғайды. Олардың арасында 2010 жылғы Қазақстан чемпиондары Дәулет Ниязбеков (55 кг), Абылай Телтаев (60 кг), Қанат Бердиев (84 кг), 2010 жылғы Қазақстан кубогының жеңімпаздары Ғабит Төлепбай (55 кг) пен Мақсат Дауылбаев (66 кг), 2010 жылғы Азия чемпионатының және Азия ойындарының қола жүлдегері Дәурен Жұмағазиев (60 кг), жасөспірімдер арасындағы 2009 жылғы Азия чемпионы Саятбек Оқасов, 2010 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Семен Семенов (84 кг), Азия чемпионатының екі жүркін қола жүлдегері Дәулет Шабанбай (96 кг), 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Ермек Байдуашев (84 кг), әскери қызметкерлер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сейфаддин Османов(74 кг), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Абдулхаким Шапиев (74 кг), 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Таймураз Тигиев (96 кг) пен қола жүлдегер Марид Муталимов (120 кг) бар.