Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенкомен өткен кездесуде ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - атқарушы хатшысы Сергей Лебедев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі БелТА белорус ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«ТМД елдері президенттері кездесуінің күн тәртібінде қызметтің барлық саласын - экономикалық, гуманитарлық, қауіпсіздік саласын қамтитын барлығы 14 маңызды мәселе көтерілмек. Мемлекет басшылары соның ішінде қылмыстылық, адам саудасы, есірткі бизнесі, лаңкестікке қарсы күрес бағдарламаларын бекітуге қатысты төрт мәселені қарастырмақ», - деп атап айтты С.Лебедев.
Саммитте гуманитарлық тақырып та басым бағыттардың бірі болмақ. Келесі жылға арналған ТМД-ның мәдени астаналарын бекіту жөнінде президенттерге ұсынылмақ. Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңес 2014 жылы бұл мәртебені Қазақстанның Алматы қаласына және Қырғызстанның Ош қаласына беруді ұсынып отыр.
С.Лебедев сондай-ақ, ТМД-дағы Парламентаралық ассамблея кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко интеграциялық өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі ПАА қызметі туралы сөз сөйлейді.
Жеңістің 70 жылдығына орай 2015 жылды Ұлы Отан соғысы ардагерлері жылы ретінде бекіту де маңызды мәселе болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет басшылары Ұлы Жеңістің 70 жылдығының құрметіне бірыңғай мерейтойлық марапаттар үлгілерін бекітпек.