"Шешім жобасында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдық мерейтойына байланысты шаралар кешенін халықтың кең ауқымды бөлігін тарту арқылы дәйектеу және өткізу ұсынылған",- деп айтылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, "құжат жобасын "Тәуелсіз мемлекеттер ардагерлерінің қоғамдық ұйымдары достастығы" халықаралық одағының үйлестіру кеңесі әзірлеген". Онда Ұлы Отан соғысы жеңісінің дүниежүзілік-тарихи маңызы атап көрсетілген. Сонымен қатар, құжатта "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тылдағы еңбеккерлерге, соғыста құрбан болғандардың жесірлеріне ұдайы көмек көрсетіп тұру қажеттігі" атап көресетілген.