Гуманитарлық ынтымақтастық, жалпы саяси және әлеуметтік проблемалар департаметінің таратқан баспасөз баянында хабарланғандай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде Достастыққа мүше мемлекеттердің сарапшылар топтарының ТМД мүше мемлекеттердің қант диабетімен науқастанудың өсуімен күрестегі ынтымақтастығы туралы келесім жобасын келісу жөніндегі отырысы өтеді.
Келесім жобасын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Үкіметаралық ассамблеясының әлеуметтік саясат және адам құқығы жөніндегі Тұрақты комиссиясы әзірлеген. ТМД мүше мемлекетердің Үкіметаралық ассамблеясының 2007 жылдың 31-мамырында Санкт-Петербургте өткен 28-ші отырысында келісім жобасы мақұлданып, белгіленген тәртіпте мемлекет басшылары кеңесінің қарауына енгізуге ұсынылған болатын.
Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Украинаның өкілетті өкілдері мен сарапшылары қатысады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті