Минскіде Украинадағы жағдайды талқыға салуға арналған ТМД елдері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі кездесу өтпейді

«Минск уақытымен сағат 9.30-да ТМД атқару комитетіне жоспарланған отырысқа Украинаның қатысатыны туралы ресми растау келіп тұспеді», - деп бүгін ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атқару комитетіне Ресей СІМ нота келіп түсті. Онда Украина сыртқы істер министрі орынбасарының қатысуынсыз отырыс өткізудің мәнісі жоқтығы айтылған.