С.Лебедев 25 қазан күні Тәуелсіздік Сарайында өтетін отырысқа дайындық жұмыстары жөнінде баяндады. Кездесу барысында экономика мен гуманитарлық саладан қауіпсіздікті нығайтуға дейін барлығы 14 мәселе көтеріледі. Атап айтқанда, терроризмге, адам саудасына және есірткі тасымалына қарсы бірлесіп күресу туралы келісімге қол қою жоспарланған.
Беларусь басшысымен әңгіме барысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай 2015 жылды Достастық шеңберінде Ардагерлер жылы деп жариялау ұсынылады деп атап өтілді.