Минскіге сапары барысында Порошенко алдымен Эштонмен кездеседі

Содан кейін оның Беларуссия президенті Александр Лукашенкомен екіжақты, артынан Украина, Ресей, Белоруссия және Қазақстан президенттерімен, сондай-ақ К.Эштоның қатысуымен көпжақты кездесуі көзделген.

Әзірге сапар аясында П.Порошенко ресейлік лидер Владимир Путинмен кездеседі ме, жоқ па, ол жағы беймәлім.

Алдында Интерфакске" РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, В.Путин Минскіде бірқатар екіжақты кездесулер өткізбек, Украина президентімен де кездесуі ықтимал.