Форум қыркүйектің 23 мен 26-сы аралығында өтеді деп жоспарланған. Ол «2013 жыл - ТМД-ға мүше елдерде экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау жылы» деген ұранмен өткізілмек. «Шараға Достастықтың 10 мемлекетінен делегациялар қатысады деп күтілуде. Шетелдік қонақтарға біздің елді жақсы тану үшін форумның танымдық және мәдени бағдарламасы мүмкіндік береді», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Сегізінші форум Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қолдауымен Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қор жетекшілерінің бастамасымен Беларусь елінің ТМД-ға төрағалық ету жылы өткізілгелі отыр.