Мирзияев Өзбекстанды дамыту стратегиясын бекітті

Құжат елдегі реформаның тиімділігін арттыруды, қоғамның барлық салаларын либерализациялауды және мемлекеттің дамуын тездетуді көздейді.

Мемлекет басшысының пікірінше, стратегия мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалардың пікірлеріне барынша құлақ асқан жөн. Бұған қоса, халықпен байланыс науқанға айналып кетпеуі керек.

Хабарларға қарағанда, стратегия бес кезең бойынша жүзеге асады, олардың әрқайсысына мемлекеттік бағдарлама қабылданады.