Полиция ақпаратына сәйкес, "Допинг" шарасы аясында есірткі саудасымен күрес және есірткіні қадағалау комитетінің қызметкерлері Қарағанды облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп "Миттал Стил Теміртау" АҚ аумағында темір жол тұйықталымында 450 тонна тұз қышқылы бар алты цистерна тапты. Комитет мәліметінше, цистерналар тиісті тәртіппен күзетілмеген.
"Заңсыз айналымда тұз қышқылы героин өндірісінде қолданылады, сол себепті ҚР заңнамасына сәйкес тұз қышқылын сатып алу, сақтау, пайдалану мен сату қатаң бақыланады", - деді комитеттегілер.
Полицияның ақпаратына сәйкес, бұған қоса, медициналық мекемелер мен өнеркәсіп орындардында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды ұрлау, оларды есепке алу, сақтау және сату ережелерін бұзу оқиғаларын әшкерелеуге бағытталған "Допинг" шарасының екінші кезеңі елімізде маусымның 11 мен 15 аралығында өткізілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті