"Миттал Стил Теміртау" компаниясының металлургтері жалақыны біртіндеп көтеру шарттарымен келісті

Металлургтар кеше еңбек ұжымдарының кәсіподақ ұйымдары конференциясында осындай шешім қабылдады. Бас қосуға барлығы 406 делегат қатысып, олардың 256-сы қолдап дауыс берсе, 120 адам қарсы шығып, 30-ы қалыс қалды.

"Біз өз жұмысымызды тоқттапаймыз. Алайда, еңбек дауы әлі аяқталған жоқ, бір кәсіпорында еңбекақыны салалық стандартқа сәйкес төлеу үрдісін енгізуді межелеп отырмыз. Бұл - біздің ең өзекті міндетіміз. Сонымен бірге бізге ешбір шарт қойылған жоқ, міндеттеме де алған ешкім жоқ. Сол себепті біз жалақыны көтеру мәселесін кез-келген уақытта қайтадан көтере аламыз",- деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 30-қыркүйекте Теміртау металлургиялық комбинатының жұмысшылары жалақысын 40 процентке көтеру туралы талаппен митьингіге шықты. Компания басшылығы жалақыны кезең-кезеңмен көтеру туралы хаттамаға қол қойып, металлургтердің жалақысы 2006 жылғы қазанның 1-нен бастап 20 процентке, 2007 жылдың 1-ақпанынан бастап тағы 10 процентке көтерілетін болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті