Оның айтуынша, пикет шарасы кезінде шахтерларды қолдау мақсатында қол жиналады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Миттал Стил Теміртау"АҚ көмір департаментінің кәсіподақ ұйымы компания әкімшілігімен келісе алмай қалған болатын. Шахтерлар жалақыны көтеру туралы талап қоюда.
Наразылық шарасы кәсіподақ ұйымының бақылауы астында қолданыстағы заңға сәйкес жүзеге асырылады, деді В.Сидоров.