"Митталды сотқа берсе, Қазақстан шенеуніктерінің арты ашылады": Заңгер Митталдың 46 кеншінің өлімі үшін жауапкершілікке тартылмайтынын айтты

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Arcelor Mittal”-дағы жағдайға қатысты заңгер ретінде пікір білдіре аласыз ба?
Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма?
Ол үшін біздің тарап не істеу керек?”
Журналистер тарапынан осындай сұрақ жаппай жекеме түсіп жатыр.
Барлығына жауап - бірдей!
Лакшми Миталлды жауапқа тарта алмаймыз!
Себебі, ол - инвестор!
Ал инвесторға жемқорлық пен қылмысты қолдан жасатып, халықты құл қылып алдына салып беріп отырған мына өзіміздің - шенеуніктер!
Шетелдік компанияларға байланысты көптеген еңбек дауларында жүремін.
Сіздер, бұл жағдайда ең алдымен Миттал мен Қазақстан арасындағы келісім-шартты сұраңыздар!
Қазақстан шенеуніктері ешқашан өз-өздерін жегізіп қоймайды!
Митталды сотқа берсе, Қазақстан шенеуніктерінің арты ашылады. Бүкіл әлемге масқара болады!
Құжат бойынша бәрі біз жаққа жасалғанмен, оны орындау жергілікті шенеуніктерге жүктеледі.
Ал біздің шенеуніктер орындайтын кезде, мен жазбай-ақ білесіздер, қалай және қаншалықты орындайтынын?
Балалардың тамағынан жеп отырған жемқорлар, кеншілерден жемей қарап отыр дейсіңдер ме?
Миттал жайлы ақпарат іздеп, Канада, Франция сайттарын жіті оқып шықтым…
Митталға қатысы бар өндіріс орындары, ірі апаттарға қатысы бар деген ақпарат іздеп таппадым.
Егер Канада сияқты дамыған елде, Миттал компаниясында бір адам өлсе - бүкіл сайт айқайлатып жетер жеріне жеткізіп тұрып жазатынына сенімдімін.
Ал Қазақстанда 2000 жылдан бері 1200 адам өндіріс орнында қаза тапқан…
Біз Митталды емес, адам өлсе - ақша алып үндемей қоя салатын қоғамды жазалауымыз керек деп ойлаймын!
Қара халықтың еңбегін - құлша, малша пайдаланатын тойымсыз жемқор шенеуніктерді жазалауымыз керек!
Өз елінде, шетел компаниясында құл болып жүрген қаншама қазақтың жігіттерін көзбен көрдім… Бәрі шәй үстінде батыр, камераға айтыңдар жігіттер десең, “ ой, қой, жұмыстан айрылып қаламыз! Мына әкімдік, прокуратура қудалайды” деп қорқақтап, басын ала қашады!

Ал өздерінің өмірі, құқықтары жайлы уәждері сол тек шәй басында айтылған күйінде қалады. Оны біздің шенеуніктер жақсы біліп алған! Сосын кеп басынады!

Қара жұмысты істейтін - қара халық, ал пайдасын көретіндер - шенеуніктер!

Жалпы бұл оқиғада тек компания басшылығындағы бір адам емес, қауіпсіздікті тексермей, шахтаның жұмыс жасауына рұқсат берген яғни бүкіл сол жергілікті жердің прокурорынан бастап, еңбек инспекторы, кәсіподақ басшысы бәрі түгел қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек!


Бізде тексеруші, бақылаушы, қадағалаушы құзырлы орган қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары жауапқа тартылмай, Адам құқығы қорғалмайды! Адам өлімімен аяқталатын апат та тоқтамайды!", - деп жазды заңгер.