"МитталСтил Теміртау" кеншілерінің жалақысы 1-қазаннан бастап көтеріледі - келісім комиссиясы

"Біріккен талқылаулардың нәтижесінде 1-қазаннан бастап жер асты қызметкерлерінің жалақасын ең төменгі салалық стандартқа сәйкес белгілеуге шешім қабылданды",- деді әкім. Оның айтуынша, стандарт бойынша бесінші дәрежелі жер асты жұмысшысы жоспардың орындалуына қатыссыз орташа есеппен 90 мың теңге алатын болады.

Сонымен бірге көмір департаментінің жер үсті жұмысшыларының жалақысы 20 процентке көтеріледі.

Сонымен бірге комиссия мүшелері бүгіннен бастап көмір өндіруді қайта жаңғыртуға уағдаласты. "Тау-кен жұмыстарын 4-қазанда үшінші ауысымнан бастап қайта жандандыруға мәміле жасалды",- деді әкім.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті