Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол мүгедек болып қалған жетім сарбазға ем керек екенін айтып, дабыл қақты.
"Кеш қарая Алматылық оқырманым хабарласты. Дүкенге жетім бала көмек сұрап келіпті, тамақ ішпегеніне 3 күн болған, қонатын жері жоқ далада қалған. Сөйтсе, бәріне кінәлі баяғы әскер екен. Мадияр интернатта өскен, жанашыры жоқ бала. Мектеп бітірген соң автомойкада жұмыс істеп, қонып күнін көрген. 2025 жылы мамыр айында мойкада жүрген жерінен күштеп әскерге әкетеді. Семейдегі ТЖМ қарасты 68303 әскери бөлімге түседі.
6 шілде (Астана күні) кино көріп отырған жерден Ахат есімді офицер басынан белдіктің темірімен ұрып құлатады. Ары қарай Паджаев деген дембель соққыны дәретханада жалғастырады. Екі апта кома, 2 ай аурухана, диагноз эпилепсик. Қазан айында әлгі офицер Мадиярдан бәрі жақсы, шағымым жоқ деген қолхат алып, қолына 100 мың тг беріп, Алматыға отырғызып жіберген.
Содан бері Мадиярдың басы қысып, денсаулығы нашарлай берді. Дем жетпей көлік жуып тұрған жерінде талып талай құлады. Жақында оған стеноз трахеи, табандағы некроз қосылды. Тамағына трубка қойылған сөйлей алмайды, оған күрделі операция қажет. Миы сынып кетердей басы ауырады. Денесі сіресіп қалады. Кешегі сарбаз бүгін ешкімге керексіз мүгедекке айналды. - Дәл қазір не қалайсың, көмектесейік дедім мен. - Еш көмек қажет емес, тек частьтағылардың жазасын алғанын қалаймын деп жазып берді.
Қысқасы, Мадиярды уақытша паналатқан барша жақсы адамдармен қоштасып жігітті сенімді, жанашыр жерге алып кеттік. Алдымен, шұғыл ем-дом қажет! Одан кейін ісіміз офицер Ахатпен болсын", - деп жазды ол.