Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
"Бүгін мектептегі қызыңа орамал таққанды дұрыс деп тапсаң, ертең он жасында тұрмысқа беруді дұрыс деп табасың. Бүгін Бердібек Сапарбаевтың сөзін қолдаймын. Қазақтың қыздары ешқашан тұрмысқа шықпай орамал тақпаған. Шашын өріп, шашбауларын сыңғырлатып ән күй айтып, көкжайлауда билеп өскен.
Мына қызды әкесі он жасында ерте тұрмысқа берген, екіқабат болып, туа алмай қан кетіп қайтыс болған. Біздің қоғамның миы уланған азаматтары балаға білім берудің орнына, дінді тықпалап әлек! Мен қарсымын мектепте орамал тағуға", - деп жазды ол.