Мия тамырын қайта өңдеуге арналған зауыт пайдалануға берілмек

"БИС" ЖШС-нің мия тамырын қайта өңдеуге арналған құны1 млн 887 мың доллар зауыты биыл күзде Жалағаш ауданында пайдалануға беріледі, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" осы ауданның әкімі Серік Сермағамбетов.


           Жобаға орай 320 жұмыс орнын құру көзделген.
           Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 1 мың тонна мия тамырының сығындысы , 100 тонна –глицирризинат моноаммониумы, 500 тонна – глицирризин қышқылы.
           Жылына зауыт 17 мың тонна мия тамырын өңдейді, деп жоспарлануда. Жылдық айналым шамамен 5 млрд теңгені құрайды.
           Өнімді алыс және жақын шетелдердің фармацевтикалық зауыттарына жеткізу көзделген.
           Зауыттағы өндіріс қалдықсыз болады, деп ойластырылуда. Артынша сусын шығару және консервілеу кәсіпорнын ашпақпыз. Мия күнжарасы азотқа бай болғандықтан, одан тыңайтқыш пен малдың жемшөбіне биоқоспа дайындамақпыз, деді әкім.