"Миын өсірмей, сақалын өсіріп жүрген біреу": Бірнеше әйел мен тоқал алуға үгіттеген имамдар елді шулатты

Көпшілік имамдардың бұл әрекетін қатаң сынға алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Роза коуч өзінің желідегі парақшасында бір топ имамның көп әйел алуға үгіттеп жатқан сәтін салған.

Онда сақалды ер азаматтың "бірнеше әйел алу керек" деген тілек айтып тұрғанын анық көруге болады.

Желі қолданушылары имамдардың бұл әрекетін жаппай сынап тастаған. Олар түрлі пікірлерін желіде жаудырып жатыр.