Аса тартысты өткен матч 2 сағат 13 минутқа созылып, 6:4, 6:7, 6:3 есебімен әлемдік рейтингте 84-інші орында тұрған М.Кукушкин жеңіске жетті. Кездесу барысында Михаил төрт брейкке қол жеткізіп, өзі доп берген екі геймде есе жіберді.
М.Кукушкин жүлде қоры 1,458 млн. АҚШ долларынан асатын турнирдің ширек финалына шығу үшін неміс теннисшісі Бенджамин Беккермен кортқа шығады.