MMA шебері мен қылмыстық топ мүшесінің төбелесі видеоға түсіп қалды

Ош қалалық ІІБ мәліметінше, 20 маусымда қаладағы демалыс орындарының бірінде үш ер адамның зардап шеккені жайлы мәлімет келіп түскен. Зардап шеккендердің айтуынша, оларды себепсіз ұрып-соққан. Екеуінің жағы сынған, ал үшіншісі жеңіл жарақат алған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ош қаласының екі тұрғынын ұстады. Тексеріс барысында ұсталғандардың бірінің ІІМ есебінде Ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ретінде тіркелгені анықталды. Ал тағы бір ұсталған ер адам спортшы - ММА аралас жекпе-жегінің шебері болып шықты.


Басылымның мәліметінше, қажетті сараптамалар тағайындалды. "Бұзақылық" бабы қылмыстық іс қозғалды.