МН17 апатында қаза тапқан 20 адамның мәйіті Малайзияға жөнелтілді

Куала-Лумпурға жөнелтілді.

Соған байланысты елде қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды Би-би-си.

Амстердамнан аттанған арнайы чартерлік рейс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат онда Куала-Лумпурге қонды.

Бүгін Малайзияда жалаулар түсіріліп, ұлттық үнсіздік минуты жарияланды.

Malaysia Airlines компаниясының MH17 рейсі 17-шілдеде Донецк облысы тұсында атып түсірілген болатын.


Борттағы 298 жолаушы мен экипаж мүшелері тегіс қаза тапты.