Мобильді аударымдарға бақылау жүргізудің төменгі шегі қайта қаралды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Қаржы вице-министрінің мәліметінше, төменгі шег 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылмақ. Бұл ең төменгі жалақы мөлшеріне тең.
Қазіргі жағдай бойынша бұл сома 255 мың теңге. Алайда жаңашылдық қоғамның наразылығын тудырды. Кейіннен мәжіліс депутаттары бұл көрсеткіш шындықтан алыс екенін айтқан еді.
"255 мың теңге шегі біздің шынайы жағдайға сәйкес келмейді деп есептейміз. Төлем сомасын кәсіпкердің таза табысы деп қарастыру дұрыс емес. Іс жүзінде бизнес тиімділігі 15-20%. Егер айналым 255 мың теңге болса, оның табысы 50-60 мың теңге шамасында болады. Таза табысы 255 мың теңге болуы үшін кәсіпкердің айлық айналымы 1 миллион теңгеден асуы қажет. Осыған байланысты "Ақ жол" партиясы мобильді төлемдерді мониторингтеуді айына 1 миллион теңгеден асатын сомадан бастау қажет деп ұсынады", – деген еді Азат Перуашев.