Могилевхимволокнодағы жобаға Қазақстанның ақша жұмсауы екіталай

Қазақстан белорустік "Могилевхимволокно" ААҚ-да терефтал қышқылы өндірісін құру жөніндегі жобаға өз ақшасын инвестициялаудың экономикалық жағынан орынды екендігіне күмән келтіріп отыр, деді "Интерфакс-Батысқа" Минскідегі Қазақстан елшісі Ерғали Бөлегенов.


           "Қазақстанның онда қатысуы екіталай. Мұндай ірі жобаны жүзеге асыруға Қазақстан қатыса алмайтын шығар деп ойлаймын, өйткені ол экономикалық жағынан тиімсіз", деді елші.
           Сонымен қатар ол химия саласындағы қазақстандық –беларустік ынтымақтастықтың келешегі мәселелері үкіметтік деңгейде талқыланады, деп айтты. "Қазақстан оған белгілі бір дәрежеде қатысуы ықтимал, мәселен, параксилол тасымалдау жағынан", деп атап өтті елші.
           Терефтал қышқылы өндірісі жөніндегі жобаға қазақстандық ұлттық "ҚазМұнайГаз" компаниясы қызығушылық танытқан болатын. 2012 жылы желтоқсан айында Астанада "Могилевхимволокно" ААҚ мен "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ арасында "Могилевхимволокно"ААҚ базасында "Терефтал қышқылы өндірісін салу" жобасын бірге орындауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар жоспарына қол қойған болатын.
           Белорус жағы бұл мәселе шешілмей отыр, деп алаңдаушылық білдірген болатын, Қазақстан оң шешім қабылдайтын болар, деп үміттенген. Биыл жазда қазақстандық жақтың хабарлауынша, сарапшылар беларустік кәсіпорынға барып, оның келешегін мұқият зерделеген, экономикалық тиімділігін есептеген.