Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Продюсер өзінің желідегі парақшасында әнші Нұрлан Еспановтың Қайрат Нұртас туралы пікірін салып, оған алғыс айтқан.
"Мойындаудың өзі ерлік қой. Нұрлан інім, өзі ақ жарқын, аузын ашса жүрегі көрінетін, бәрін айта салады, риза болам. Тек Қайрошын мақтайтыны емес, жалпы сондай адам, ешкімге зияндық жасамайды, ренжітпейді де, өмірді кинодағыдай сүре біледі. Алла бақ берсін, жақсы адамым!", - деп жазды ол.
Көпшілік продюсердің бұл әрекетін ұлына халық әртісі атағын беруді сұрап отыр деген топшылаған.