Ол өз парақшасында "ұстаз" деген сөзді тек мектептегі мұғалімдерге қолдану керектігін айтып үндеу тастаған, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Молдадан ұстаз шықпайды. Жалшы не малшы болмаса. Ешқандай молда, дін жолында жүрген адам біз бен сізге ешқандай ұстаз бола алмайды. Себебі олардың айтатын әңгімесі о дүние мен бұ дүние. Сонымен ғана шектеліп қалады. Ал, ол сізге ешқандай пайдасын да бермейді. Қазір заман басқа. Бұл заман дамудың заманы. Жаңарудың заманы. Көзді ашудың, оянудың заманы. Біз әлі надандықтың соңында жүрміз.
Ұстаз деп ойдағы, қырда жүрген иттің итақайына айта берудің қажеті жоқ. Ұстаз ол саған әріп үйреткен, сенің зейініңді ашқан мектептегі ұстаздарың. Мәшінеңді сол мұғаліміңе сыйла. Жақсылық жасағың келсе, сол мұғаліміңе жаса", - деген.
Ақынның парақшасынан "Бұрын ата-бабамыз мұсылман болмаған сияқты. Енді бастаған сияқты", "Орануға қарсымын", "Әл Фараби кәпір болған", "Мешіт салма, мектеп сал" деген сынды тақырыптарды қозғаған өзге де видеолары барын көруге болады.
Сүндет Сейітовтың бұл ойларын қолдайтындар да аз емес екен. Желі қолданушылары "Дұрыс", "Арамза молдалардың дәрежесін түсірдің", "Ұстаз ештеңе емес. Ғалымдар дейді қазір", "Мен мұсылманмын. Бірақ, сенің сөзіңе қосыламын", "Қазақшылығымызды сақтайық", "Мына уағызшылар әдет ғұрпымызды талап жатыр" деген сынды пікірлерін жазуда.