Молдалар айлық алатын болды


Алдағы мамыр айынан бастап ауылдағы молдалар айлық алатын болады. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Ақмешіт-Сырдария мешітінің бас имамы Талғат Омаров мәлім етті.

Бас имамның айтуынша, жағдайы төмен ауыл молдаларына мамыр айынан бастап жалақы берілетін болады. Қаржы бюджеттен тыс көздер арқылы шешілмек. Діни басқарманың тарапынан құрылған «Зекет» қорының облыстық филиалы арқылы имамдарға айлық үлестіріледі. Бұл мәселе әлі де толыққанды зерттелу үстінде көрінеді.