"Молданың басы істей ме": Қазақстандық трансгендердің атын ауыстырған имам қатаң сынға ұшырады

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің әрекеті үшін Алла тағаладан көп кешірім сұрайтынын жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Әлхамдулилла мен мұсылманмын. Біздің дініміз бойынша екі есіммен өмір сүруге болмайды. Бала кезімде атам азанды шақырып атымды Наиль деп қойған. Араб тілінен аударғанда "жетістікке жету", "мақсатқа жету", "қол жеткізу""сыйлыққа лайық"дегенді білдіреді. Қазір барлық жақындарым мен туыстарым мені Ника дейді. (грек тілінен аударғанда"Жеңіс" дегенді білдіреді). Бұл ежелгі грек құдайының есімі. Шынында да, мен бастан өткерген нәрсе жеңіс деп айтуға тұрарлық. Анам екеуміз бірге мешітке барып, жаңа атымды қайта азан шақырып қоюды шештік. Жаратқанның қалауымен бұдан былай менің есімім Ника.
Мен үлкен әрі кешірілмейтін күнә жасағанымды түсінемін. Бірақ мен шын жүректен Құдайдан кешірім сұраймын. Анам Алланың өте мейірімді екенін және одан шын жүректен кешірім сұрау керек екенін айтады", - деп жазды ол .

Бір тәулікте 1 миллионнан астам қаралым жинаған видео көпшіліктің қызу талқысына түсті.

"Мына имамды тауып алып халықтың алдына шығару керек", "Молдаға бәрібір, ақша берсең болды", "Ақырзаман деп осыны айт", "Имамның кінәсі жоқ, танып тұрған жоқ қой, "Молданың басы істей ме", "Біз осы имамдарға сеніп жүрміз ғой", "Имансыз имам екен", "Имам менің туысым, ол кісі білмеген", - деп жазды олар.