Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін көрсетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Осы уақытқа дейін әншіге үлкен гүл шоқтарын ұсынып, "бір шанс бер" деп сұрап жүрген азаматты көпшілік Әуелбекованың бұрынғы күйеуі деп болжаған болатын.

Алайда бүгін жүктеген суретіне қарап желідегі оқырмандардың ойы екіге бөлінді.

Мөлдір әлеуметтік желідегі парақшасында: 

" Сәрсенбінің сәтті күні, жаңа қуанышты өміріміз басталды" -деп жазба қалдырып, сурет жүктеді. 



Оқырмандар: "Капишонын жасырып қойыпсыз, әйтпесе шашынан тауып алатын едік", "Бақыт тілейміз", "Бұрынғы күйеуі емес", "Сіз үшін қуаныштымын", "Бақыт құшағында болыңыз" - деп пікір қалдырды.

Айта кетейік, Әуелбекова ханым елордамыз Нұр-Сұлтаннан, алвп шаһар Алматымызға бір жолата қоныс аударған болатын.