Мөлдір Әуелбекованың күйеуімен бірге отырған видео желіге тарап кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мөлдір Әуелбекова жақында екінші рет тұрмысқа шықты. Бүгінде әнші намазға жығылып, оранып жүр. Желі қолданушылары оны намазхан жігітке тұрмысқа шықты деп болжам жасады. Жолдасының кім екенін сұраушылар көп. Ал, әнші күйеуін ашық көрсетіп, ол туралы айтқан емес.

Видеода әншінің жанындағы жігіт “Теңге ілу” федерациясының басшысы Қуаныш Құрашев.

Кейіннен әнші Мұхтар Ханзада Instagram желісінде расымен Қуаныш атты ағасымен түскен фотосын жариялаған болып шықты. Ол тіпті ағасына өлең жолдарын да арнаған.

Ағалардың арасында бағы бөлек,
Қараңғыда інілерге шамы керек.
Пайда үшін арласатын көп кісіден,
Шыны керек бұл кісінің Тағы бөлек.

Бармақтай бақ қонғанғой жасыңызда,
Тек амандық тілеймін басыңызға.
Мәдениетті шет елден үйренбейік,
Аристократ ағамыз жүр, қасымызда.

Аруларды қинамай ақ сүйгізген,
Қырағы ғой көздегенге тигізген.
Астананың суықтығын байқатпай,
Эскалайдты тәбішке қып кигізген.
Ал ағабай қонақ болып келіп қалдық,
Болсын енді тыңдасаңыз Күй бізден.