"Мөлдір маған ұнайтын": Бағымның күйеуі мен Әуелбекованың арасында не бар?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов продюсерден "Бағым Мұхитденова бізге келгенде Мөлдірді ешқашан кешірмейтінін айтты. Мөлдір 7 жыл бойы жұмыс жасадыңыз, араларыңызда не бар?" - деген сұраққа продюсер былай жауап берді:

"Мен Мөлдірдің ешқашан продюсері болған емеспін. Мен тек КешYou тобының гастрольдік директоры болдым. Маған Мөлдірмен жұмыс жасаған ұнайтын, болды."

"Араларыңызда тек кәсібилік жұмыс болды ма? " - деген сұраққа продюсер жауап бермей, жүргізушіге басқа сұрақ қоюын талап етті.