Шынымен қапталып, саңылаулы панельдермен жабдықталған жаңа мешіттің сыртқы бейнесі күн сәулесінің түсуіне байланысты түсін өзгертіп тұрады. Ымырт түсіп, іңір қараңғысы байланған шақта құлшылық ордасы жер бетіне ілінген алып шамға ұқсаса, күндізгі уақытта күн сәулесі мешіт ішін адам айтқысыз сұлулыққа бөлейді.
Мешіт жанында ұзындығы 35 метр мұнара орналасқан. Сондай-ақ, құлшылық ордасының айналасында таяз хауыз салынған.