Монако Княздігі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын ресми қуаттады

Сапар барысында сыртқы істер министрі Жозе Бадиамен, маркетинг және туризм жөніндегі мемлекеттік агенттік директоры Эрик Марсанмен және   «Monaco Inter Expo» атқарушы директоры Жульен Селариомен кездесулер болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы саясат ведомствосындағы кездесуде Р.Жошыбаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың атынан Монако Князы Альбер ІІ-ге арналған шақыру-хаттың түпнұсқасын таптырды. Өз кезегінде Жозе Бадиа Монако Князінің ҚР Президентінің атына Монаконың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын қуаттаған хатының түпнұсқасын тапсырды. Ж.Бадиа Монако Астанада өзін лайықты көрсететініне сендірді және ауданы кең павильон бөлу жөнінде өтініш жасады.

ЭКСПО-2017 комиссары Қазақстанның халықаралық бастамаларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты және Монако өзінің қатысатындығын ресми қуаттаған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті. Тараптар әңгіме барысында екі елдің ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, Монако Князі Альбер ІІ-нің Астанаға қарашадағы сапарының қорытындыларын және Қазақстан мен Монако бизнес-қоғамдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл жайын талқылады.  

Маркетинг және туризм жөніндегі мемлекеттік агенттік директоры Э.Марсанмен  және «Monaco Inter Expo» атқарушы директоры Жульен Селариомен кездесулерде Р.Жошыбаев ҚР-да туризмді дамыту жөніндегі жүргізіліп отырған саясат жайлы егжей-тегжейлі әңгімеледі.


ҚР-ның Франциядағы елшісі және Монако Княздігіндегі елшісі міндетін қоса атқарушы Н.Дәненовтің қатысуымен болған кездесулер қортындысында тараптар Қазақстан мен Монако арасында үкіметаралық комиссия құру және тиісті Келісім әзірлеу, сондай-ақ қосарланған салық салуды болдырмайтын келісімге  және туризм саласындағы ынтымақтастық туралы мемлорандумға қол қою жөнінде уағдаласты.