3 наурыз күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жаңа басшыны ұжыммен таныстырды. Марат Оңғарбеков осы саланы жақсы біледі, ол кезінде ауыл шаруашылығы басқармасын алты жыл бойы басқарған болатын.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, М.К.Оңғарбеков 1959 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы - ғалым-агроном.
Еңбек жолын 1981 жылы Жымпиты ауданы, «Бұлдырты» кеңшары №2 бөлімшесінің агрономы болып бастады. 1984-1985 жылдары осы кеңшардағы №3 бөлімшесі меңгерушісі.
1985-1987 жылдары - Жымпиты ауданы «Жосалы» кеңшарының бас агрономы.
1987-1990 жылдары - Жымпиты аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің бас агрономы.
1990-1992 жылдары - Жымпиты ауданы «Бұлдырты» кеңшарының бас агрономы.
1992-1997 жылдары - Сырым ауданы «Бұлдырты» ұжымшарының бас агрономы.
1997-2000 жылдары - Сырым ауданы әкімінің бірінші орынбасары - аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
2000-2006 жылдары - Сырым ауданының әкімі.
2006-2012 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің директоры, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
2012-2013 жылдары - Зеленов ауданының әкімі.